30 тамызда сағат 16.00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының үлкен сахнасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – Ардақтым» атты мерекелік концерт өтті.
Қазақ, орыс және жастар труппаларының әртістері Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап ең жақсы вокалды нөмірлерін ұсынды.
Концерттік бағдарламада классикалық, эстрадалық шығармалар, сондай-ақ патриоттық әндерде орындалды.