ҚОЙЫЛЫМДАР ТЕЛЕЭФИРДЕ

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры жергілікті «ALTAI » телеарнасымен бірлесе отырып, онлайн форматтағы қойылымдарды көрермен назарына ұсынбақ.

Әлемді жайлаған пандемия кезінде мәдениет, өнер саласының басты мақсаты – көрерменмен арадағы байланысты үзбеу болып табылады. Осы орайда, облыстық драма театры да өзінің сүйікті көрермендерімен қауышудың жаңа форматын іздестіруде.

Бұл жолы шығысқазақстандық өнерсүйер қауым таңдаулы қойылымдардың бірнешеуін көгілдір экраннан тамашалай алады.

Онлайн форматтағы қойылымдар бағдарламасына Д.Әшімханұлының «Жынды жел» әңгімесінің желісі бойынша (сахналық нұсқасын жасаған Аскерхан Ақтай) «Алас» қойылымының тұсаукесері, А.Цагарелидің «Проделки Ханумы» және Эдуардо Де Филиппоның «Елестер» атты қойылымдары енді. Аталмыш қойылымдар жуық арада телекөрермендерге жол тартпақ.

Телеэфирдегі қойылымдар – қазіргі шектеу шаралары жағдайындағы, көрермен мен театр арасын жалғайтын алтын көпір іспеттес, керемет мүмкіндік болары сөзсіз.

Эфирдегі қойылымдар көрермендердің театр өнеріне деген қызығушылықтарын одан әрі оятатынына сенімдіміз!

Қойылымдардың күні және уақыты қосымша хабарланатын болады.

Жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар!

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры