12 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ГАСТРОЛЬ

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан) Өскеменге гастрольмен келді.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының сахнасында астаналық әртістер көрсеткен алғашқы қойылым – өмірдің өзіндік энциклопедиясы – А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» болған.

Атақты театр ұжымы содан бері Өскеменге келмегелі 12 жыл болыпты. Міне, ақыры, келді! Труппа шығысқазақстандықтармен кездесуге тыңғылықты дайындалды. М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастрольдік бағдарламасы қызықты да әсерлі –ұмытылмас классика мен заманауи драма, ересектер қойылымдары мен балаларға арналған ертегі бар.

Театр директорының орынбасары Александра Кустовскаяның айтуынша, афишада халықаралық театр фестивальдерінде жоғары марапаттарға ие болған – А.Пушкиннің «Евгений Онегин», М. Булгаковтың «Мастер и Маргарита», К. Людвигтің «Примадонна», Р.Баэрдің «Смешанные чувства» атты ең жақсы спектакльдері бар.

27 қыркүйекте көрнекті жерлес жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің туған күні қарсаңында Горький атындағы театр ұжымы «Атау-кере» повесіне негізделген, қиын адами қарым-қатынастар, махаббат пен үміт туралы «Последнее причастие» драмасын ұсынады.

Астаналық әртістер кішкентай көрермендерді Г.Андерсеннің «Снежная королева» ертегісімен қуантады.

Астаналық труппаның құрамында: Достық Орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Наталья Косенко, ҚР «Мәдениет қайраткері» құрметті атағының иегері Сергей Матвеев, ҚР «Мәдениет қайраткері» құрметті атағының, «Ерен еңбегі» медалінің иегері Л. Крючкова, ҚР «Мәдениет қайраткері» құрметті атағының иегері, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Роман Чехонадский, ҚР «Мәдениет қайраткері» құрметті атағының иегері Александр Корженко және басқалар бар.

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры

Өскеменде бес күн болады: 25 қыркүйектен 29 қыркүйекке дейін.

  • 2019 09 25 01
  • 2019 09 25 02
  • 2019 09 25 03
  • 2019 09 25 04
  • 2019 09 25 05
  • 2019 09 25 01
  • 2019 09 25 02
  • 2019 09 25 03
  • 2019 09 25 04
  • 2019 09 25 05

logo11.png