ПРЕМЬЕРА ӨТТІ

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының» қазақ труппасы, кезекті 20 театр маусымын белгілі әнші, актер, ақын, драматург - Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» атты комедиясымен ашты.

Аталған шығарманың жанры комедия болғанымен, лирикаға тұнып тұрған бала махаббат алғашқы махаббат, сөзбен айтып жеткізгісіз албырт сезім, ақ-адал пәктік – қойылымда өлең жолдарымен, сазды әуенмен де беріліп, барлық жастағы көрермендерді махаббат айдынында жүздіріп, көңілдерін бір серпілткені анық.

Қойылымды сахналаған жас режиссер, Т.Жүргенов атындағы академияның түлегі Асыл Қозықанов.

  • 2019 10 12 00004
  • 2019 10 12 00002
  • 2019 10 12 00001
  • 2019 10 12 00003
  • 2019 10 12 00005
  • 2019 10 12 00004
  • 2019 10 12 00002
  • 2019 10 12 00001
  • 2019 10 12 00003
  • 2019 10 12 00005

logo11.png