САХНА ҚОЗҒАЛЫСЫ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

2019 жылғы 17-19 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры Дынмұхамед Ұябайдың шақыруымен Шетелдегі орыс театрлары қайраткерлерінің Қауымдастығымен (Ресей Федерациясы) және «Балтийский дом» театр-фестивалімен ынтымақтастық аясында, сахна қозғалысы бойынша қарқынды шеберлік сағаты өтеді.

  Ерекше бағдарламадағы сабақтарды Ресейдің ең үздік пластикалық режиссерлерінің бірі, Ресей мемлекеттік өнер институтының (Санкт-Петербург) актерлік және режиссура факультеті деканының орынбасары Игорь Качаев жүргізеді.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының әртістері үш күн бойы тәжірибелі педагогтың жетекшілігімен дене бітімін, жүрісін дұрыс ұстау, акробатиканың негізгі элементтерін білу, заттармен жұмыс істеу, мінез-құлық пен этикеттің стильдік ерекшеліктерін жетілдіру бойынша білім алады.

Көшпелі тренинг, сөзсіз, әртістердің теориялық білімдері мен физикалық дағдыларын арттырып, сахнада жаңа тыныспен ойнауларына көмектеседі.

logo11.png