
Астраханцева Оксана Александровна
Бас әкімші
Театрда 2002 жылдан бері Алматы мемлекеттік университетін «Балетмейстер, хореографиялық пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Алғашында көрермендер Астраханцеваны бірнеше қойылымда би режиссері ретінде таныды.
Кейін оның шығармашылық көзқарасы, коммуникативті дағдылары, тамаша ұйымдастырушылық қабілеті мен жоғары жауапкершілігі бас әкімші лауазымында табыс пен танымалдылық әкелді.
Театрдың имиджі, оның шығысқазақстандық жұртшылық арасында танымалдығы, аншлагпен қойылған спектакльдер Астраханцеваның үлкен еңбегі. Облыста, Қазақстанда және шетелде театрлардың гастрольдік сапарларын ұйымдастырады.
Қол астындағыларға епті және әдепті түрде жол табады, әріптестерінің жанашырлығы мен құрметіне бөленеді. Астраханцеваның жоғары кәсібилігі мен қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының, театр әкімшілігінің алғыс хаттарымен бірнеше рет атап өтілді.