Skip to content

Аладдин

  • by

Кедей отбасының баласы Аладдин бір дәулетті байдың қызына ғашық болады. Қызға қол жеткізу үшін, әкесінің қиын шарттарын орындап, түрлі іс-әрекеттерге барады. Оған зұлым сиқыршы кедергі келтіреді. Оқиға осыдан әрі шиеленісіп, жас көрерменін қиял-ғажайып әлемге жетелейді.

Алғашқы махаббат

  • by

Қойылымда, мектепке келген жас мұғалім мен 11 сынып оқушыларының арасындағы, жыл көлеміндегі шытырман оқиға суреттеледі. Алғашқы махаббат, албырт сезім, бұл – партадан басталатыны белгілі. Бір қызығы оқушының мұғалімге ғашық болғаны некенсаяқ болар. Осындай сәттерді басынан өткізіп… Алғашқы махаббат

Алтын балапан

  • by

Байлыққа қол жеткізуді армандаған көк бөрі мен қу түлкі алтын жұмыртқаны ұрлап, алтын балапан басып шығаруды жоспарлайды. Айлакер түлкі қулыққа басып, аңғал қасқырды жұмыртқа басуға көндіреді. Алайда, жұмыртқаны жарып шыққан кішкентай балапан көк бөрінің өзіне… Алтын балапан

Шынарым менің, шырайлым менің

  • by

Шығармада Қырғыз жерінде орын алған оқиға суреттеледі. Көрініс жол жиегінде ауылдың қарапайым қызы Әсел мен көлік жүргізушісі Ілиястың кездейсоқ танысуынан бастау алады. Екі ғашық түрлі қарсылықтарға қарамастан қосылып, кішкентай сәби дүниеге келеді. «Қолда бар алтынның… Шынарым менің, шырайлым менің

Жалғыздық

  • by

Қоюшы-режиссер: Абай Дәулетұлы Театрдың Бас директоры — ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Руслан Қайырсынов Қазақ театрының көркемдік жетекшісі — Еркебұлан Какимов

Дөкей келе жатыр

  • by

Айрандай ұйыған ауылдың мамыражай тірлігін бір ауыз хабар соншалықты әуреге салады деп кім ойлаған! Дөкей келе жатыр! Ол неге келе жатыр? Талай жылдан бері бөлімшені «адал» басқарып келе жатқан Көпейдің еңбегін бағалауға ма? Әлде халықтың… Дөкей келе жатыр

Ер төстік

  • by

Автор: Халық ертегісі Премьера күні: 20.03.2022 жыл Режиссёр: Т. Дүзбаев Актерлар: Жанр: ертегі Ұзақтығы: 50 минут Жас санаты: 3+

Жан дауа

  • by

Аталмыш қойылым замана індеті — нашақорлық жайында. Айрандай ұйып отырған отбасы, балаларының үгіттеуімен қалаға көшіп келіп, аталған індетке тап болады. Қойылым барысында бұл жолға қалай келді және осы дертке жанына дауа іздеп, жанұшырған ата-ананың жанайқайы,… Жан дауа

Замана неткен тар едің…

  • by

Автор: К. Жұмабеков Премьера күні: 2 қазан 2015 жылы Режиссёр: С.Жұмағали Жанр: драма Ұзақтығы: 45 минут Жас санаты: 14+ Зал: үлкен