
Дархан Жақыбұлы Нуралинов
ДИРЕКТОРДЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
1991 жылы 8 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ұлан (Шымқора) ауылында дүниеге келген.
Білім:
- 1997-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауылындағы С.Аманжолов атындағы орта мектепте оқыды.
- 2008-2012 жылдары Д.Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша білім алды.
- 2014-2016 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып, 2016 жылы бітірді.
Жұмыс тәжірибесі:
- Еңбек жолын 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасына қарасты КГКП «Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында» еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер болып бастады.
- 2016 жылы ол театрдың өрт қауіпсіздігі қызметінің басшысы болып тағайындалды.
- 2019 жылдан бері Шығыс Қазақстан драма театры директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Құрметті атақтар мен наградалар:
2023 жылы Қазақстан мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.ана