
Екатерина Семке
Хормейстер
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Хореография» мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылдан бастап «Алтай» ансамблінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Еңбек жолында өзін жоғары білікті, білімді маман ретінде көрсете білді. Кез келген күрделі кәсіби тапсырманы шебер орындап, жас өнерпаздарға ансамбль репертуарын меңгеруде үнемі қолдау көрсетіп отырады.
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Барлық қалалық, облыстық іс-шараларға белсене қатысады, сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысында гастрольдік концерттерге қатысты.
Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Хабар» телеарнасы ұйымдастырған «JETI QAZYNA» мега жобасының финалисті. 2022 жылы «Хореографиялық өнер» және «Үздік би тобы» номинациялары бойынша UMAI ұлттық сыйлығының финалисті атанды.
Шара Жиенқұлова атындағы VI республикалық қазақ биі байқауының лауреаты.
2023 жылы И.Штраустың «Жарқанат» опереттасының премьерасына қатысты. 2024 жылы – С.Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсы мен «Мамма Миа» мюзиклінің премьераларында. Сондай-ақ 2024 жылы ол V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
.