Image

АФИША

Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры «ШҚО кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен өзара тиімді

ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 

Шығыстың өнер ғибадатханасы мен салалық кәсіподақтарының ынтымақтастық мәселелері осы уақытқа дейін талқыға салынған, бірақ бұл идея бүгін ғана және алғашқы рет жүзеге асты.

          Біріншіден, өткен жылы қабылданған республика кәсіподақтары жұмысының жаңа стратегиясы, екіншіден, театрдың қазіргі әлеуметтік саясаты ынтымақтастықты жандандырды.

          Бүгінгі таңда ШҚО кәсіподақ орталығы 14 салалық кәсіподақты біріктіреді. Бұл 130 мыңнан астам адам.  Аумақтық бірлестіктің төрағасы Темірбек Қасымжановтың айтуынша, олардың әрқайсысының мүдделері қорғалуда.

          - Бүгінгі меморандум біздің міндеттерімізге тікелей жауап береді және жемісті ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың негізін қалайды, - деп атап өтті Темірбек Жұмақұлұлы. - Алдағы уақытта әрбір салалық кәсіподақта меморандумды жүзеге асырудың егжей-тегжейлі жоспары әзірленеді. Адамдарды өнерге баулу - олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңызды.

          - Бүгінгі қол қойылған меморандум айтарлықтай нәтиже беретініне сенімдімін,-деді Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының Бас директоры Руслан Қайырсынов. - Кәсіподақ орталығымен біздің ортақ мақсаттарымыз, міндеттеріміз бар. Біз театрдың барлық қызметкерлерінің кәсіподақта болуына және жоғары әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілуіне мүдделіміз.

          Кездесуге, сондай-ақ, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ ШҚОФ төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков қатысты. Театр қызметкерлері – кәсіподақ мүшелері оған ойда жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

          Жалпы, диалогқа қатысушылар мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі – Мәдени құндылықтар мен игіліктердің барлығына қол жетімділік жағдайларын қамтамасыз ету екенін атап өтті.

          Меморандум облыс орталығындағы театр ортасын дамытуға да бағытталған.

logo_f.png
© 2019 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры