ҚОЙЫЛЫМДАР КӨРЕРМЕНГЕ ҚАЙТА ЖОЛ ТАРТПАҚ

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында қойылымдарды көрсету күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жаңғыртылатын болады.

Өскемендегі өнер ордасының қызметі туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Марат Исмаиловтың қолы қойылған ресми хатта түсіндірілді: "Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 тамыздағы №21 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі №21-4 қаулысының 2 тармағы, 13 тармақшасына сәйкес (оның ішінде қойылымдар көрсету) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталған, бетперде тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау шаралары жасалған, арнайы белгі салынған жағдайда қойылымдарға рұқсат етілген. Сонымен қатар, хатта көрермен залының толымдылығы 50 пайызға дейін, бірақ 50 адамнан аспауы тиіс делінген. Театр көрермендерді шахмат тәртібімен отырғызуға міндетті.

Әртістер мен театр сүйер көрермендердің көптен күткен кездесуі жақын арада өтеді!

Жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар.

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры