ҚОЙЫЛЫМДАР КӨРСЕТІЛІМІ ЖАЛҒАСАДЫ

Құрметті көрермендер! Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің м.а. Х.Илюбаевтің 2020 жылдың 2 желтоқсанында жарияланған №25 қаулысына сәйкес 2020 жылдың 7 желтоқсанынан бастап Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында қойылымдар көрсетілімі қайта жалғасын таппақ. Сондай-ақ, жұмыс тәртібінің өзгеруіне байланысты, қойылымдар тек жұмыс күндері көрсетілетінін хабарлаймыз.

Естеріңізге саламыз, театр көрермендерді күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және талаптарды сақтай отырып қабылдайды, атап айтқанда, бетперде кию, қолды антисептиктермен өңдеу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және залдың толымдылығы 50%-ға дейін, бірақ шахмат тәртібімен 100 адамнан артық емес.

Репертуар жаңалықтарын жіберіп алмаңыздар.

Театрда жүздескенше!

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры