МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ...

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының қазақ труппасының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Лақаева Шолпан Кеңесханқызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2020 жылдың 30 қарашасындағы №139-ж/қ бұйрығына сәйкес «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Шолпан Кеңесханқызы 10 жылдан астам уақыт бойы театр өнерін, актерлердің шығармашылығын насихаттау бағытында тынбай еңбек етіп келеді. Сондай-ақ, Театр қайраткерлері одағы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тығыз байланыс орнатуда өз үлесін қосты. Бұл марапат – сол маңдай тер, еңбектің жемісі деп білеміз.

Осы орайда, әріптесіміз Шолпан Кеңесханқызын шын көңілден құттықтай отырып, деніңізге саулық, басыңызға амандық, толассыз шығармашылық табыстар тілейміз! Өнердің биік шыңынан көріне беріңіз!

 

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры