ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!

Бүгінгі «Алтай таңында» Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрының актерлері «ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ»  классикалық  туындыдағы «Қозы Көрпеш» – Еркебұлан Какимов, «Баян Сұлу» – Айым Бегмат, «Қарабай» – Тұрсынбек Дүзбаев және тарихи шындықтан ауытқымай, шынайы бейнелеу тапқан шығарманың  режиссері Асыл Қозықанов  – көрерменмен тікелей жүздесті.

Тұрсынбек Қабдешұлы тәжірибелі актер, «Қарабай» образын әбден зерделеп, зерттеген – 20 жылдан соң аталған образды қайта сахнаға алып шығады. 

Басты образдағы Еркебұлан бұған дейін де бірнеше кейіпкерді сомдап, өзінің жан-жақтылығымен көрерменнің көзайымына айналған талантты актер. Айымның осы театрдағы алғашқы басты образы. Келешегінен көп үміт күттіретін актрисаға сәттілік тілейміз.

  • 2015 05 18 011
  • 2015 10 02 005
  • 2020 02 29 010
  • 2018 03 27 006
  • 2018 04 26 007
  • 2018 04 27 008
  • 2020 02 08 009
  • 2015 05 18 011
  • 2015 10 02 005
  • 2020 02 29 010
  • 2018 03 27 006
  • 2018 04 26 007
  • 2018 04 27 008
  • 2020 02 08 009