ТЕАТР – ҰЖЫМДЫҚ ӨНЕР

Театр өнерінде болып жатқан процестерді бақылап отырсаңыздар, облыстық қазақ театры актерлер құрамымен көрермендерін жақыннан таныстырып шықты. Театр тек актерлер қатарынан тұрмайды. Түрлі цехтар жұмыс атқарады.

Солардың бірі әуенмен әрлеуші – Мақсат Ақылбайұлы  және киім цехы, яғни костюмер қызметін атқаратын Бошанова Лаура «Алтай арнасында» көрермендерге театр өнерінің тағы бір қырын паш етті.

Мақсат Ақылбайұлы  –  жоғары санатты әуенмен әрлеуші. Театр саласына келгелі жас болса да, көптеген қойылымдарды музыкамен көркемдеп, мінез-құлқын  ашуға жағдай тудырып, қойылым режиссерімен етене жұмыс жасап келеді. Әуенмен әрлеушінің – қойылымды көркемдеп шығарудағы еңбегі аса зор.

Лаура Ербосынқызы атрисалық қызметін белгілі себептермен костюмерлік қызметке ауыстырды, сондықтан  көпшілік сахнада көрініп жатады. Атқаратын еңбегіне адал, театр өнерінің жанашыры.

Еңбек жолдарыңыз ізденістер, жеңістер мен жетістіктерге толы болуына шын жүректен тілектеспіз!

  • 2015 02 24 002
  • 2016 03 26 001
  • 2016 03 10 003
  • 2019 03 27 004
  • 2015 02 24 002
  • 2016 03 26 001
  • 2016 03 10 003
  • 2019 03 27 004

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры