«ӨНЕРДІҢ МАЙТАЛМАНЫ – МАЙРА»

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актрисасы Арғынбекова Майра Қаламқызы, 2000 жылы қазақ театры ашылғанда, актриса болып қабылданады. Бүгінде 60 жасты еңсерген Майра – ардақты ана, ақ әже.

Театр сахнасында да көбінде «Ана» образын, яғни 40 – тан аса басты рөлдерді ғана сомдаған талантты актриса. Мысалы: Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” трагедиясында – «Мақпал», М. Хасеновтың “Пай-пай жас жұбайлар-ай” – «Зәуреш», С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасырында» – «Фарида», Д.Рамазанның «Кенесары-Күнімжанда» – Күнімжанның анасы, «Жан дауада» – «Анасы», Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Дәмелі» т.б.

Д.Исабековтың «Мұрагерлерінде» – «Салиха» ана образын сомдағаны көрермен қауымды ағыл-тегіл жас пен сан-сақты ойға жетелеп, көрерменін өзімен бірге күй кештіреді.

Жалпы актер қауымы Театр сахнасында екі сағат, басқа жанның күйін кешіп, жан-жүректері езіліп, өз – өзіне келе алмай біраз есеңгіреп, мен образ сомдап шықтым ғой – деп, халықтың қалың қошаметінен соң барып, өздеріне келетіндері шындық. Кейбірі тіпті сол сомдаған образы өзіне жақын, өз өмірін ойнағандай болып, содан талайға дейін шыға алмай қалың ойда жүретіндері де бар...

Майра Қаламқызының өнері еленбей қалған емес, ол – ҚР «Мәдениет қайраткері», бірнеше дүркін облыстық «Маска» сыйлығының және Қазақстан қайраткерлері одағының арнайы «Құрмет» грамоталарының иегері.

  • 2008 11 02 008
  • 2012 01 01 006
  • 2012 05 21 001
  • 2015 04 10 002
  • 2015 05 18 009
  • 2015 10 02 004
  • 2015 10 02 005
  • 2016 10 14 003
  • 2018 02 04 007
  • 2008 11 02 008
  • 2012 01 01 006
  • 2012 05 21 001
  • 2015 04 10 002
  • 2015 05 18 009
  • 2015 10 02 004
  • 2015 10 02 005
  • 2016 10 14 003
  • 2018 02 04 007

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры