«АШЫҚ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ...

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры «ASHYQ» пилоттық жобасына қатысуды жоспарлауда. Бұл жоба көрермендерге аймақтағы және Өскемендегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан тұсаукесерлік, репертуарлық қойылымдарды оффлайн форматта көруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта театр қажетті құжаттарды, ғимаратты санитарлық талаптарға сай дайындау үстінде. Мұның барлығы көрермендермен қарым-қатынасты үзбеу, театрда барынша қауіпсіздік жағдайын жасау үшін қолға алынды.

Сонымен қатар, шығысқазақстандық театрсүйер қауымға «ASHYQ» мобильді қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациядан өтіп, ЖСН енгізу ұсынылады.

Көрерменде смартфон болмаған немесе осы қосымшаны жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда театр әкімгері көрерменнің ЖСН енгізу арқылы келу фактісін тіркеуге көмектеседі. Ең бастысы - жеке куәліктің болуы.

Театр ғимаратына кіруге тек Сovid-19 ("қызыл түс") бойынша ПЦР оң нәтижесін көрсеткен деректер базасында тіркелген және Сovid-19 ("сары түс") науқастармен жақын байланыстағы адамдарға ғана тыйым салынады.

«ASHYQ» пилоттық жобасы, көрермендер залын толтыруда белгілі бір шектеулерге қарамастан, театрға Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін ашық болуға мүмкіндік береді.

Құрметті көрермендер! Жаңа жобаға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Спектакльдердің қайта басталған күні кейінірек хабарланатын болады.

Жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар!

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры