ХХVІІ-ші республикалық театр фестивалі өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ШҚО әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан театрлары ассоциациясының ұйымдастыруымен – Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған, Қазақстан драма театрларының ХХVІІ-ші республикалық театр фестивалі өтті. Аталған фестивальға республика бойынша үздік деп табылған он екі қойылым қатарында, ШҚО драма театры ұжымы М.Әуезовтың «Қанды азу» - «Көксерек» повесінің желісі бойынша жасалынған поэтикалық трагедиясымен қатысты.

Аталған қойылымды сахналаған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Қасымжанұлы Ұзақовқа да әділқазылар атынан мадақтаулар айтылды. Тілін, мәдениетін, тарихын бойына жиған қойылымның материалдық құндылығы жоғары, негізгі идеясы, адамзат пен оны қоршаған табиғат арасындағы қарама-қайшылық, ақ пен қараны бүгінгі ұрпаққа өнердің тілімен жеткізу болатын.

Театр актерлерінің сахналық шеберліктерінің өскенін, жаңа актерлермен толыққанын, жастар жағына көп көңіл бөлінгенін де, бүкіл шығармашылық ұжымды осындай үздік фестиваль қойылымдарын көріп, талқылауға өздеріне тәжірибе жинақтауға алып келген, театр директоры Дінмұхамет Ұябайға, сахналық декорация да бірден көрерменнің көңілін елең еткізген, қоюшы суретші Данияр Алдабергеновтың да еңбегі қырағы көзді әділқазылар алқасының сөздеріне арқау болды.

Қойылымның айтар ойы, діттеген мақсаты бар екенін айта келіп, «Бораш» ролін сомдаған Елдос Мәсәлімге «Екінші пландағы ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын табыстады.

Қазылар алқасының төрағасы – Қазақстанның Еңбек ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр және кино актері, профессор Асанәлі Әшімов, театр ұжымына – келешегімізге табыс, шығармашылық шабыт және жақсы көңіл-күй тіледі.

  • 2019 09 20 00003
  • 2019 03 02 00002
  • 2019 03 03 00001
  • 2019 09 22 00004
  • 2019 09 25 00005
  • 2019 09 20 00003
  • 2019 03 02 00002
  • 2019 03 03 00001
  • 2019 09 22 00004
  • 2019 09 25 00005