«Мен жастарға сенемін!»

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры ұжымының біріккен - Қазақ, Орыс, Жастар труппалары кезекті жазғы демалыстан соң, ағымдағы 2019 жылдың 4-ші қазанында, маусымдық ашылу салтанатын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлы Абай мұраларын, тәрбиелі тағылымдарын жастардың санасына сіңіру мақсатында, сондай-ақ «Жастар жылына» орай, Жастар – қоғамның қозғаушы күші, еліміздің болашағы ретінде «Мен жастарға сенемін» деген айдармен ойдағыдай өткізді.

Театрдың баспалдағынан басталған, үш труппаның күшімен дайындалған әсем кеште, театр өнерінің сахнадан тыс, қиында-қызық көріністерін бақылап, театр өмірінің тыныс-тіршілігімен жақын танысты.

Қазақстан республикасының президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық ретінде, үлкен сахна төрінде Абай заманындағы ойын-сауықта, Абай әндерін қазақ және орыс тілдерінде шырқап, өлеңдерін жатқа оқып эстафетаны жалғастырды.

Театрландырылған көріністердің куәсі болуға жиналған халық өз театрларына деген ынта-ықыласы мен қызығушылығын айқын аңғартты.

Аталған маусымдық ашылу салтанаты өз дәрежесінде өтті.

Кешті ұйымдастырған режиссерлер: С.Акелеев, Б.Степенский және Д.Қалибеков.

  • 2019 10 04 00001
  • 2019 10 04 00002
  • 2019 10 04 00003
  • 2019 10 04 00004
  • 2019 10 04 00001
  • 2019 10 04 00002
  • 2019 10 04 00003
  • 2019 10 04 00004