«ЖҮРЕКТЕ ҚАЙРАТ БОЛМАСА...» ЖОБАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Ағымдағы жылдың 26 тамызы мен 29 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актерлерінің Ұлы Абайдың 175 жылдығына орайластыра дайындаған «Жүректе қайрат болмаса...» атты онлайн форматтағы бейнероликтер топтамасы көрермен назарына ұсынылып келді.

Жобаның мақсаты – қазақтың бас ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармаларына жаңа леп беру, өскелең ұрпаққа өлеңдері мен қара сөздеріндегі мол ғибратты жеткізу еді. Сондай-ақ, жобада Абайдың ел аузында жүрген әсем әуенді әндері де көрініс тапты.

Аталмыш жоба 32 бейнероликті қамтып, YouTube арнасында 2000-нан астам қаралым жинады.

Пандемия уақытында хәкім Абайдың 175 жылдығын ауқымды түрде атап өту мүмкін болмаса да, ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің көмегімен онлайн форматтағы жобалардың, қойылымдардың көзіқарақты көрерменге жол тартып жатқаны қуантады.

Осы орайда, Ұлы Абайды ұлықтау, жас ұрпақтың бойына ұлы шығармаларды сіңдіру мақсатындағы – бұл жобаның халыққа бергені мол екендігіне сенеміз!