«ӨЗ ЖОЛЫҢДЫ ІЗДЕ!»

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында осы маусымның алғашқы тұсаукесер қойылымы өтті!

М.Әуезовтің әйгілі роман-эпопеясының желісі бойынша қойылған режиссер Татьяна Баеваның "Дорога к Истине" драмасы таңдалған жолдың дұрыстығы туралы байыпты ойлануға жетелейді.

Қойылымның алғашқы минуттарынан бастап-ақ көрермендер жас Абай өміріндегі жарқын, серпінді және таңғажайып оқиғаларға араласты. Қоғам екі үлкен топқа бөлінген, бірі өтірікшілер, парақорлар болса, бірі жүректің шақыруына, жалпыадамзаттық ізгіліктерге ерушілер. Жақсылық пен зұлымдық, жалғандық пен шындық, әділдік пен әділетсіздік – олар дәуірге қарамай ешқашан адамнан алыс кетпейді. Әрқайсысымызда қай кезде, қай жолмен жүру керектігін таңдау сәті бар. «Мүмкіндігің болса, жолыңды тап!» – пьесаның басты кейіпкері осындай қорытындыға бірнеше қайғылы оқиғалар мен психикалық азаптардан кейін келеді.

Юрий Мироновтың орындауындағы Абай бейнесі көрерменнің қос түсінігін оятады: бір жағынан, алдымен күмәншіл, содан кейін сенімді және шешімі нақты адам, екінші жағынан, руханияттың, мәдениеттің және гуманизмнің жалпыланған символы.

Жарық бойынша суретші Анатолий Кобловтың, қоюшы-суретші Қайсан Қадырбековтың, қойылымды әуенмен әрлеген Светлана Апасованың ықшамды әрі ұтқыр кәсіптік шешімдерінің арқасында қойылым сюжеті эпикалық биікке көтерілді.

Қойылым тұсаукесері өтті! Жерлесіміз, ұлы ағартушы және ақынның сөздері театр сахнасынан айқын әрі сенімді түрде естілді:"Білім – әл-ауқаттың сарқылмас көзі, ешқандай жұттан қорықпайтын күш".

 

  • 2020 10 16 001
  • 2020 10 16 002
  • 2020 10 16 003
  • 2020 10 16 004
  • 2020 10 16 005
  • 2020 10 16 006
  • 2020 10 16 007
  • 2020 10 16 008
  • 2020 10 16 001
  • 2020 10 16 002
  • 2020 10 16 003
  • 2020 10 16 004
  • 2020 10 16 005
  • 2020 10 16 006
  • 2020 10 16 007
  • 2020 10 16 008

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры