ӘҢГІМЕЛЕР КАЛЕЙДОСКОПЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ!

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының YouTube-арнасында Феликс Кривиннің аңыз-әпсаналарына негізделген "Заттар еліне саяхат" атты жаңа әдеби-драмалық бейнежобасының тұсаукесері өтті.

15 минутқа созылған бірінші шығарылымда көрермендер қызық құмар Терезе (актриса Варвара Пак), жағымсыз Сия тамшысы мен қытырлақ Патефон Инесі (актриса Юлия Волобуева), ішпыстырарлық Ақылүйреткіш Кітапша (ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Алла Латфи), танылмаған аяқ киім (актер Вадим Ястребов) және бостандықты сүйетін Бұранда(актер Михаил Иванов) туралы шағын, бірақ түрлі-түсті әңгімелердің әлеміне түскендей.

Таңдалған костюмдер, бет әрлеушінің ұтымды шешімі, реквизиттер, сондай-ақ бейнемонтаж көрерменге ерекше ретро стильдегі атмосфера сыйлады.

"Бұл өте керемет шығарылым!", "Бәрекелді! Жарайсыңдар! Тамаша жоба!" деген көрермендердің жүрекжарды пікірлері көп күттірмеді.

Бір тәулікте шығарылымның қаралу саны театрдың Үлкен залындағы көрермен орны санымен салыстырмалы көрсеткіш көрсетті!

Жобаның авторы және қоюшы режиссері театр актрисалары Дина Епимахова мен Екатерина Емельянова, қоршаған әлемге ерекше көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, "Заттар еліне саяхат" атты әдеби-драмалық бейнежоба бес бөлімнен тұрады. Екінші шығарылымның тұсаукесері қараша айының басына жоспарланған!

Жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар!

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры