"РУСЛАН МЕН ЛЮДМИЛАҒА" 200 ЖЫЛ!

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығын бағалайтын жандар үшін тосын сый - "Руслан мен Людмила" поэмасына виртуалды саяхат дайындады.

А.С.Пушкинге атақ әкелген бұл туынды биыл 200 жасқа толады! Заманауи оқырман мен көрерменді түрлі бейнедегі кейіпкерлермен - батыл Руслан мен ханшайым Людмила, зұлым Черномормен неге қайта таныстырмасқа?

Театр өнері мен заманауи технологиялар, қызығушылық танытқан жас ұлдар мен қыздардың назарына нағыз таңғажайып дүние сыйлайтыны анық. Жас көрермендер ханзада сарайындағы мерекеге, қызықты лабиринттер мен сиқыр әлеміндегі көңілді оқиғаларға араласып, Руслан мен Черномордың шайқастарын тамашалап, әрқашан мейірімділік пен махаббат жеңіске жететініне куә болады.

Ертегі әлеміне саяхаттың режиссері – Роман Степенский. Михаил Иванов (Руслан), Милена Куйда (Людмила), Евгений Пятов (Черномор), Вадим Ястребов (шетелдік қонақ) және Алексей Егоров (Бояр) сияқты актерлер Пушкиннің жасаған бейнелеріне жаңа леп, жаңа тыныс бергендей..

27 қараша сағат 16.00-де ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан тамашалаңыздар!

Барлық кішкентай көрермендерімізді виртуалды әрі қызықты квестке қатысуға және өзін-өзі ержүрек батыр рөлінде байқап көруге шақырамыз!

  • 2020 11 24 001
  • 2020 11 20 002
  • 2020 11 24 001
  • 2020 11 20 002