КӨҢІЛДІ ЖҮРЕК ЖӘНЕ ДЫМҚЫЛ АЯҚТАР

Жаңа жыл қарсаңында өңірдің жас көрермендері арман мен жаңашылдықтың сиқырлы әлеміне сүңгіп, ондағы достықта және жүрек қалауымен өмір сүретін көңілді тұрғындар – су асты перілерімен кезікті.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында неміс авторы Отфрид Пройслердің шығармасы негізінде «Маленький водяной» ертегісінің тұсаукесерлік көрсетілімі өтті.

Роман Степенский айналмалы диірмен дөңгелегінің жылдамдығымен ойналатын мейірімді, ерекше жарқын және динамикалық қойылым қойды.

Таңғажайып теңіз қабыршақтары, алтын түстес балдырлар, терең қараңғылықта жылт-жылт еткен балықтар... Бұл жерде міндетті түрде ерекше бір нәрсе болуы керек! Ата-аналарының қуанышына, тоғанның басқа тұрғындарының таңданысына орай кішкентай су тұрғыны дүниеге келеді. Саусақтарының арасында жарғақтары бар жасыл шашты бала! Ол үшін жаңадан есігі ашылған әлем әлі белгісіз, кең, шексіз және жұмбақ. Бұл дүниенің жаңа қырларын ашуға, оны әр түрлі қалыпта қабылдауға асығады: желдің шаштарымен ойнақтағанын сезіну, жаңбыр тамшыларының алақанға тамғандағы көрінісі, ай жолының таңғажайып бейнесінен ләззат алу. Ең бастысы - кез-келген бала сияқты, кішкентай су тентек болғанды ұнатады! Қызық, бірақ ол жиі сүттен ақ, судан таза болып шығады!

Күзден кейін қыс келеді, балалық шақтан кейін жасөспірім, жастық шақ келеді... Бұл өмірлік үйлесімде, тепе-теңдікте, басты сиқыр жатқан болар.... Композитор Надежда Городюк жазған әндер көрермендердің сезімдерін таңғажайып дүниені күтуге бейімдейді.

  • 2020 12 22 00001
  • 2020 12 23 00007
  • 2020 12 22 00004
  • 2020 12 22 00002
  • 2020 12 22 00003
  • 2020 12 22 00005
  • 2020 12 22 00006
  • 2020 12 22 00001
  • 2020 12 23 00007
  • 2020 12 22 00004
  • 2020 12 22 00002
  • 2020 12 22 00003
  • 2020 12 22 00005
  • 2020 12 22 00006

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры