ҰСАҚ-ТҮЙЕК ЗАТТАРДАҒЫ СҰЛУЛЫҚ

22 қаңтар күні сағат 13.00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының ресми YouTube каналында Ф.Кривиннің шығармалары бойынша «Путешествие в страну вещей» атты әдеби-драмалық бейнежобасының бесінші, соңғы шығарылымының тұсаукесері өтеді.

Жобаның авторлары мен қатысушылары көрермендерді XIX-XX ғасырлар басындағы суретшілердің шығармашылығына, сондай-ақ қазіргі заманғы бейнелеу өнеріне, ерекше сурет галереясына саяхатқа шақырады. Фарфор саудагерінің, еден шүберегінің және іскер һәм өсекші Шапокляк әйелдің «түпнұсқа» портреттерін - актерлермен бірлесе отырып, қайталанбас бет әрлеу шебері Ольга ШЕСТАКОВА жасайды.

Әдемілікті ұсақ-түйек заттардан: ақша жәшігінен, пиджак түймесінен, жамаудан, тіпті құлаған жапырақтан байқауға болады. Мұның бәрі көзді қуантып қана қоймай, ішкі жан дүниеге әсер етіп, алға қойған мақсат пен құндылықтар туралы, бақыт пен тағдыр туралы ой қозғауға мүмкіндік тудырады.

Сұлулық – бұл үйлесімділік, ал үйлесімділік – тепе-теңдік, қарама-қайшылықтардың тепе-теңдігі. Табиғи және жасанды, биіктегі және жердегі, шартты және абсолютті, құрғақ және дымқыл заттарға орын табылған әлем шыныменде сұлу емес пе?!

Феликс Кривиннің «Путешествие в страну вещей» шығарылымының соңғы санындағы түрлі-түсті кейіпкерлерді бізге актерлер: «ҚР Мәдениет саласының үздігі» Тамара КОБЛОВА, Юрий САВИН, Максим ГОРБАНЕВ, Юлия ВОЛОБУЕВА таныстырады. Мұнда жобаның авторлары мен режиссерлері де белсенді қатысады: Дина ЕПИМАХОВА өсек-аяңды шебер айтады, ал Екатерина ЕМЕЛЬЯНОВА дәліздегі ғылыми дауды түрлі-түсті түрде баяндайды.

Облыстық драма театрының YouTube каналындағы Феликс КРИВИННІҢ ертегілері мен астарлы әңгімелері калейдоскопы 2020 жылдың 19 қазанында іске қосылды. Жалпы, орыс труппасының көрнекті, жетекші және жас актерлерінің қатысуымен әдеби-драмалық бейнежобада жазушының 40-қа жуық ықшамды туындылары қамтылды.

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры