БІЗГЕ 85 ЖЫЛ!

Мұрағаттардағы мәліметтерге сүйенсек, 1936 жылдың қаңтарында маусымын ашқан Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры биыл өзінің 85 жылдығына аяқ басты.

Труппаның мерейтойлық жылы ерекше болмақ. Ол тұсаукесерлер мен айтулы оқиғалармен, көрнекті театр дәстүрлерінің жалғасуымен атап өтіледі.

Биылғы жылы ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері, жетекші актерлер мен сахна шеберлері Тамара КОБЛОВА, Андрей ВОРОНИН, Алла ЛАТФИ, Владимир МУРАВИЦКИЙ, актрисалар Татьяна ВОРОНИНА мен Ирина КРАСИКОВА, режиссер Татьяна БАЕВА, бет әрлеу цехының меңгерушісі Ольга ШЕСТАКОВА жеке және шығармашылық мерейтойларын атап өтуде.

Сондай-ақ, бұл жылы көрермендерді классикалық және заманауи пьесалардың тұсаукесерлері күтеді. Ақпан айында Мэйо Эннекеннің «Моя жена – лгунья» эксцентрлік комедиясы Татьяна БАЕВАНЫҢ сахналауымен көрерменге жол тартпақ. Труппаның көркемдік жетекшісі Роман СТЕПЕНСКИЙДІҢ шығармашылық жоспарында - қазіргі Саратов драматургі К. Степанычеваның пьесасы бойынша «Похищение» қойылымы және орыс классигінің шығармалары бойынша «ОТ АНТОШИ ЧЕХОНТЕ ДО ЧЕХОВА» қойылымы.

Сергей АСТРАХАНЦЕВ өзінің «ПОЧЕМУ ЛЮДИ НЕ…» атты пьесасы бойынша форматы, сценографиясы ерекше қойылым дайындау үстінде.

Труппа сондай-ақ театрдың ресми YouTube арнасында халық назарына ұсыну үшін онлайн жобаларды ойластыруда өзінің тәжірибесін жетілдіруді жалғастырады. Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет қайраткері» Светлана АПАСОВАНЫҢ жетекшілігімен Арт-вокал тобы, сүйікті актерлерімен бірге ән шырқаймыз деген жалпы идеямен, вокалдық нөмірлердің дайындығына кірісті!

Сондықтан құрметті көрермендер, бізбен бірге болыңыздар! Сіздерді көптеген қызықты дүниелер күтуде!