БІРГЕ ШЫРҚАЙЫҚ?!

Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрының актерлері жуық арада өздерінің сүйікті көрермендерін бірге ән айтуға шақырады!

Труппа жаңа онлайн жобаның дайындығына кірісіп кетті.

Бұл ерекше идея жайдан жай пайда болған жоқ. 10 жылдан астам уақыт бойы театр вокалдық шеберлікті арттырып, танымал шығысқазақстандық композитор, ҚР «Мәдениет қайраткері» Светлана АПАСОВАНЫҢ жетекшілігімен Aрт-вокал тобының концерттік репертуарын кеңейтіп келеді. Бұрын ұжым мүшелері, яғни театр әртістері есеп беру концерттерін ұйымдастырған, бірақ тыңдаушылар шеңбері тар болатын. Ал, бұл жолы драмалық әртістер алғаш рет актерлік талантты вокалмен үйлестіріп үлкен аудиторияға паш етпек.

Жоба бағдарламасына әр жылдың, әр ұрпақтың жан-жақты, лирикалық әндері енеді. Бағдарламадағы әрбір ән театрландырылған қойылыммен сүйемелденген. Актерлердің өздеріне сенімді, шынайы ойыны көрермендерді бей-жай қалдырмайтыны анық. Авторлар мен жаңа онлайн жобаның қатысушылары компьютер мен смартфон экранының арғы жағындағы жанкүйерлері бірге ән шырқайтынына сенімді.

Қымбатты көрермендер, Сіздер үшін жаңа жобаны режиссерлер – Дина ЕПИМАХОВА мен Екатерина ЕМЕЛЬЯНОВА, балетмейстер – Анна ТАТАРЕНКО, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», музыкалық бөлім меңгерушісі Елена МИЩЕНКО дайындауда.

  • 2021 03 01 003
  • 2021 03 01 001
  • 2021 03 01 002
  • 2021 03 01 004
  • 2021 03 01 003
  • 2021 03 01 001
  • 2021 03 01 002
  • 2021 03 01 004