ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ, БАТЫЛДЫҚ ЖӘНЕ АДАЛДЫҚ ҮШІН

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында Халықаралық театр күніне орай ШҚО мәдениет басқармасының дәстүрлі "МАСКА"сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.

Барлығы үшін қиын жылда ерекшеленген, шығармашылық, креативтілік, батылдық сияқты қабілеттермен көзге түсіп, театрға адал қызмет еткен өнер қайраткерлеріне құрмет көрсетілді.

Биылғы жылы Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстау онлайн форматта, көрермендерсіз және әрбір труппада жеке өткізілді.

Марапаттау бес номинация бойынша өтті.

Қазақ труппасы

«Ең үздік ер рөлі» номинациясы – Еділ Мекешов

«Жылдың үздік актрисасы» номинациясы – Майра Арғынбекова

«Ең үздік спектакль» номинациясы – Асыл Қозықанов

«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясы – Еркебұлан Какимов

«Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі» номинациясы – Алмажай Төремұрат

Орыс труппасы

«Ең үздік ер адам рөлі» – Максим Горбанев (М. Әуезовтің роман-эпопеясының желісімен «Дорога к истине» қойылымындағы «Құнанбай» рөлі үшін)

«Ең үздік әйел адам рөлі» – «ҚР Мәдениет саласының үздігі» Тамара Коблова (М. Әуезовтің роман-эпопеясының желісімен «Дорога к истине» қойылымындағы «Зере» рөлі үшін)

«Жылдың ең үздік спектаклі» – М. Әуезовтің роман-эпопеясының желісімен «Дорога к истине» қойылымы (қоюшы-режиссер Татьяна Баева)

«Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі» – Юлия Волобуева (екінші пландағы рөлдер қатары үшін)

«Ерекше онлайн жоба» – Ф. Кривиннің әңгімелерінің желісімен «Путешествие в страну вещей» (режиссерлер – Екатерина Емельянова, Дина Епимахова)

Жастар труппасы

«Ең үздік ер адам рөлі» номинациясы – А. Дәулетұлының «Өмір-өзен» музыкалық қойылымындағы «Шәмші» рөлі үшін – Жантай Турусбеков

«Үміт» номинациясы – Мағжан Аразалинов

«Үздік эпизодтық роль» номинациясы – А. Дәулетұлының «Өмір-өзен» музыкалық қойылымындағы «Юлдаш Рахманов» рөлі үшін – Олжас Турганов

«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясы – А. Дәулетұлының «Өмір-өзен» музыкалық қойылымындағы «Қалдаяқ», «Мақсұтбек Майшекин» рөлдері үшін – Сырым Маратбек

«Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі» номинациясы – А. Дәулетұлының «Өмір-өзен» музыкалық қойылымындағы «Жамал Омарова» рөлі үшін – Аяулым Тұрұсбекова

Сонымен қатар, Халықаралық театр күніне орай "ҚР Мәдениет қайраткері" Дынмұхамет Ұябайдың атынан әкімшілік, техникалық цех мамандары алғыс хаттарына ие болды.

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры