СҰР КӨЗІЛДІРІКТІ ТАСТАП…

Халықаралық театр күнінде орыс труппасы С. Астраханцевтің «Почему люди не...?» моноспектаклінің тұсаукесерін өткізді.

«Почему люди не...?» – таныс көзқарастардың қақтығысынсыз және ойын-сауық әрекетінсіз, сахнада тек бір актері бар моноспектакль. Дегенмен, шиеленіс бар. Бұл – «кішкентай» адамның өзімен, өзінің қорқыныштарымен, қоғаммен қақтығысы...

Шығысқазақстандық көрермен басты кейіпкермен бірге жиырмасыншы қабатқа көтерілді және бұл бекер емес. Осы уақытта қоюшы-режиссер Сергей Астраханцев пен қоюшы-суретші Шота Чоговадзенің ойынша, шатырда сырлау жұмыстары кездейсоқ жүргізілген жоқ. Кейіпкер мен көрермендер күнделікті күйбең тіршіліктің шектеулеріне, пайдасыздығына көңіл аударып, ішкі жан дүниесіндегі сезімдеріне, ойларына шолу жасаулары қажет болды.

«Шатырды бұзумен» тең келетін керемет әсер актер Михаил Ивановтың ойынымен сезілді. Өзінің өміріндегі оқиғаларды баяндап тұрғандай әсер қалдырды. Міне, дәл қазіргі сәтте актер өз тағдырының әрбір күнін еске алып, көңілсіздік пен ұятты, шаршау мен күйзелісті бастан кешіреді. Содан кейін... жеңілдік пен еркіндік. Михаил Иванов өз ойын өзіндік мимикамен және өткір интонациямен жеткізді, оның аяғы салбырап тұрған тақталарда да, жан дүниесіндегі эмоцияларда да нәзік және әдемі теңдестірілді.

Кейіпкердің бас айналдыратын философиялық сезімдер атмосферасына еніп кетуге ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Елена Мищенконың әуенмен әрлеуі және актриса Юлия Забавскаяның орындауындағы Шота Чоговадзенің әні себеп болды.

Дара орындауда көтерілген тақырыптарға түрлі-түсті көркем проекцияның арқасында қол жеткізілді. Бұл – балалардың Құдайға деген аңғалдық пен сенімділік үндеуі.

Көптеген сұрақтарды тудыратын және мағынасы тереңде жатқан ерекше қойылым камералық залдағылардың бәрін толғандырды.

  • 2021 03 27 007
  • 2021 03 25 002
  • 2021 03 26 005
  • 2021 03 26 004
  • 2021 03 27 008
  • 2021 03 26 006
  • 2021 03 27 009
  • 2021 03 25 003
  • 2021 03 27 007
  • 2021 03 25 002
  • 2021 03 26 005
  • 2021 03 26 004
  • 2021 03 27 008
  • 2021 03 26 006
  • 2021 03 27 009
  • 2021 03 25 003

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры