Белоруссиядан оралды

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының орыс труппасы 8-15 қыркүйекте Брест қаласында (Беларусь) өткен "БЕЛАЯ ВЕЖА» XXIV Халықаралық театр фестиваліне қатысып, дипломмен және мол тәжірибемен оралды.

Айта кету керек, биылғы жыл труппа үшін гастроль тұрғысынан өте қызықты болды: мамырда – Бийск қаласында (Ресей Федерациясы) іссапарда болса, маусым айында – Нұр-Сұлтан қаласында өткен «SAMGAU» халықаралық театр фестиваліне қатысты. Енді міне, Беларуссияға шетелдік сапар. Ұжымның болашағын, жаңа іскерлік және достық байланыстарын ашатын барлық осы сапарлар Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қаржылық қолдауының арқасында сәтті өтті.

Театр труппасы Брестке баруға ниеттенді. Өйткені, Белая Вежа – бұл ТМД-дағы ең ірі және беделді театр фестивальдерінің бірі, жыл сайын әлемнің ондаған ұжымдарын жинайды. Сараптамалық кеңестің ең қатал конкурстық іріктеуінен өтіп, фестивальге шақыру алудың өзін жеңіс деп санауға болады!

Биылғы фестивальге 13 елден 28 театр өздерінің үздік спектакльдерімен қатысты. Бұл ауқымды жобада Қазақстанның атынан өнер көрсету Шығыс Қазақстан облыстық драма театрына бұйырды.

«Белая Вежа» фестивалінің ерекшелігі оның әр түрлі жанрлығында. Ұйымдастырушылары моноспектакль, көше, қуыршақ, драмалық спектакльдер, балет сияқты заманауи театр өнерінің барлық түрін қамтуға тырысқан.

Біздің инновациялық аудиотактильді, көзі нашар көретін, мүмкіндігі шектеулі кішкентай көрермендерге арналған «Друзья Федоры» спектаклі бұл ісшарада өзінің айрықшалығымен, әлеуметтік бағытымен ерекшеленді. Брест қаласының балалары мен ата-аналары бұрын мұндай спектакль көрмегендерін айтып таңданысты!

Сонымен қатар, «Друзья Федоры» Ресей, Белорусь театр сыншыларының оң бағасын алды. Владислава Кудрина (Москва) осындай спектакльді қойғандағы мақсат – театр өнерін көзі нашар көретін балаларға қолжетімді ету екенін атап көрсетті. Надежда Брусевич (Минск) осындай аудиотактильді спектакльдер әлемнің әртүрлі елдерінде, оның ішінде Белорусьте де қойылатынын айтып, Қазақстанда да бұл бағыттың дамып келе жатқанына қуанышын білдірді.

«Белая Вежа» халықаралық фестивалінде театр ұжымы өзінің кәсіби шеберлігін шыңдап, жетістіктерге жетуге тағы бір қадам басты.

Біз жаңа, қызықты тәжірибе жинадық. Алғаш рет сахнада психикалық дамуы тежелген балалармен көрермен толы залда жұмыс істедік. Бұл бізге екі есе қиын болды: сахнада әрбір балаға көңіл аударып және де залдағы көрермендерді де іс-қимылымызбен қызықтыру керек болды. Екінші спектакльді біз көзі нашар көретін балалармен өткіздік. Бресттік кішкентай көрермендерге спектакль өте ұнады, бізді сахнадан жібермей ұзақ қол шапалақтап, құшақтасып, суретке түсті, деп аталмыш спектакльдің қоюшы-режиссері, әртіс Анастасия Витман өз ойымен бөлісті.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры Дынмухамет Мамырқанұлы Ұябайдың айтуынша, «Белая Вежа» фестивалінен әртістер өз театрына шабыттанып, келесі 84-ші театр маусымындағы жемісті жұмысына деген құлшыныспен оралды. Сонымен қатар, бұл маусымда да жаңа қойылымдар, жобалар және сапарлар сияқты қауырт жұмыстар күтіп тұр. Мәселен, біздің театр Екатеринбургке (Ресей Федерациясы) шақырылды, онда 2019 жылғы 1-10 қараша аралығында «Коляда-Plays» XIII Халықаралық қазіргі заманғы драматургия фестивалі өтеді.

Барлық алдағы жоспарлар театрдың Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен тығыз ынтымақтастығымен жүзеге асады.

  • 2019 02 14 01
  • 2019 02 15 02
  • 2019 02 15 03
  • 2019 02 15 04
  • 2019 02 15 05
  • 2019 02 15 06
  • 2019 02 15 07
  • 2019 02 14 01
  • 2019 02 15 02
  • 2019 02 15 03
  • 2019 02 15 04
  • 2019 02 15 05
  • 2019 02 15 06
  • 2019 02 15 07

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры