МЕРЕКЕДЕГІ МАРАПАТТАР

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттарына ие болды.

Салтанатты марапаттау рәсімі облыстық мәдениет басқармасында өтті.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Раушан Нұрмұханова қасиетті өнер ордасының қызметшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жоғары шеберлігі, театрға деген шексіз махаббаты және мәдениетті дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді. "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен: орыс труппасының режиссері Татьяна БАЕВА және қазақ труппасының актері Ертай ХАСЕНОВ марапатталды. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы орыс труппасының актері Евгений ПЯТОВҚА табыс етілді.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен йшығармашылық табыстар тілейміз!

 

  • 2021 05 21 001
  • 2021 05 21 002
  • 2021 05 21 003
  • 2021 05 21 004
  • 2021 05 21 005
  • 2021 05 21 006
  • 2021 05 21 007
  • 2021 05 21 001
  • 2021 05 21 002
  • 2021 05 21 003
  • 2021 05 21 004
  • 2021 05 21 005
  • 2021 05 21 006
  • 2021 05 21 007