Рубцовск театрының гастрольдік сапары

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Алтай өлкесі мәдениет министрлігінің ынтымақтастығы туралы меморандум аясында 7-9 қараша күндері Рубцовск драма театры Өскемен қаласына гастрольдік сапармен келеді.

Ресей әртістері қала жұртшылығына естен кетпес 4 үздік спектаклін ұсынбақ. Кішкентай көрермендер үшін Ю. Богановтың «Как Кощей Бессмертный на Василисе женился» (7 қараша сағат 10.00, 12.00; 9 қараша сағат12.00) және В. Илюховтың «Третий лишний» (8 қараша сағат 10.00, 12.00) қойылымдары көрсетіледі.

Ересек көрермендерді де үш кеш бойы жалықтырмас қойылымдар күтіп тұр. Рубцовск труппасы А. Коровкиннің «Тётки» комедия-фарс (7 қараша сағат 18.30) , В. Шукшиннің «Штрихи к портрету» психологиялық драмасын (8 қараша сағат 18.30, 9 қараша сағат 17.00) ұсынады.

Рубцовск драма театрының қойылымдары Шығыс Қазақстан областық драма театрының сахнасында көрсетіледі.

Спектальдердің уақытында өзгерістер болуы мүмкін.

Қосымша ақпаратты 8777 250 39 60 телефоны бойынша біле аласыздар.

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры