Рубцовский театрымен танысу

Рубцовск драма театрының гастрольдік сапармен келуі Шығыс Қазақстан мен Алтай өлкесінің ұжымдары арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты нығайтуға жасалған тағы бір қадам болды.

Рубцовск труппасы Өскеменге 36 жыл бұрын келіп, өнер көрсетіпті.

Аймақаралық гастрольдердің жандануы Алтай өлкесінің Мәдениет министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында мүмкін болды.

Бірлескен бағдарлама аясындағы алғашқы маңызды оқиға өткен көктемде Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының Бийск қаласына гастрольдік сапары болды. Осыдан кейін Рубцовск драма театрының Өскеменге келуі туралы келісім жасалды.

Шығыс Қазақстан драма театрының әріптестері қонақтарды ұлттық дәстүрлер бойынша, шашу шашып, қуана қарсы алды. Жергілікті сахна саңлақтары оларға қаламен және көрермендермен танысып, жақсы әсер алуларына, сахнада сәттілік тіледі.

Рубцовск драма театры шығысқазақстандықтардың назарына төрт спектакль ұсынды: А.Коровкинаның «Тетки» комедиясы, В.Шукшиннің «Штрихи к портрету» психологиялық драмасы, Ю.Богановтың «Как Кощей Бессмертный на Василисе женился…» ертегісі, В.Илюховтың «Третий лишний» ертегісі.Қойылымдардың әрқайсысы таңғажайып ерекшеліктерімен, эмоционалды және энергетикалық байлықтарымен есте қалды.

Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары ресейлік әртістердің өнерін жоғары бағалады. Әр көрсетілімнен кейін залда көрермендер ду қол шапалақтап, риза болды.

  • 2019 04 13 00004
  • 2019 04 13 00007
  • 2019 04 14 00002
  • 2019 04 14 00005
  • 2019 04 12 00009
  • 2019 04 13 00004
  • 2019 04 13 00007
  • 2019 04 14 00002
  • 2019 04 14 00005
  • 2019 04 12 00009