«Ақиқатқа апарар жол»

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында көрнекті ағартушы және ақынның өмірі туралы жаңа спектакль қойылады.

Орыс труппасы «Дорога к Истине» («Ақиқатқа апарар жол») деп аталатын драманың дайындығына кірісті. Болашақ қойылым Мұхтар Әуезовтің әйгілі «Абай жолы» эпикалық романына негізделген. Сахналық нұсқаның авторы, сонымен қатар қоюшы-режиссер Татьяна Баева.

Спектакль бүкіл шығарманы қамтымайды, тек жас Абайдың өмірінен, оның жеке тұлғасының қалыптасуына әсер еткен ең жарқын және маңызды оқиғаларды ашатын жеке эпизодтар енген.

Мұхтар Әуезовтің мұрагерлері – белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әуезов және «Әуезов үйі» мәдени орталығының жетекшісі Диар Қонаев - қойылым мәтінін оқып шығып, сахналық қойылымына келісімдерін берді.

«Дорога к Истине»» спектаклінің премьерасы осы жылдың сәуір айында жоспарланған.