«Елі сүйген – Елбасы»

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының ұжымы, 1– желтоқсан «Тұңғыш Президент күніне» арналған, «Елі сүйген – Елбасы» атты театрландырылған концерттік бағдарламаны қала тұрғындарына 1 – желтоқсан күні сағ. 17.00-де тегін ұсынды.

Елбасының өмір жолы мен халық алдындағы еңбегінің ұшан-теңіздігін қос жүргізуші көрерменге паш ете келіп, Елбасының сүйіп тыңдайтын әндері және патриоттық әндер, көркем сөз, сондай-ақ орыс, қазақ, жастар труппаларының вокал топтары өнер көрсетті. Зал толы көрермен ризашылықпен қабылдады.

 

Помощь для Joomla.