Премьера «Қанды азу»

Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында жаңа қойылым «ҚАНДЫ АЗУ».

Қойылымды сахналайтын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Болат Ұзақов. Театр репертуарындағы тарихи драмалар Думан Рамазанның «КЕНЕСАРЫ – КҮНІМЖАН», «КЕРЕЙ – ЖӘНІБЕК» атты қойылымдарды да тәжірибе алмасу мақсатында, шақырумен сахналаған режиссер Болат Қасымжанұлы Ұзақов.

Жақын арада көрермендерге М.Әуезовтың «Көксерек» повесінің желісі бойынша «Қанды азу» поэтикалық трагедиясын ұсынады, сахналық жобасын жасаған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есеналиев.

Аталған қойылым проблемалық өзектілігі, тақырыптық ерекшелігі жағынан бітімі бөлек. Түз тағысы қасқыр мен оған деген мейірім иесі баланың махаббаты жанымызды тітіркендіріп, санамызға ерекше бір сілкініс жасайтыны сөзсіз. Табиғат пен адамдар арасындағы қарама-қайшылық.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында – театрдың репертуарлық саясатын жүзеге асырып, өзектілігін арттыруға жұмыс жасайтын қойылым.

Дайындық жұмыстары басталып кетті. Премьера күні қосымша хабарланады.

Помощь для Joomla.