Кітапханадағы кездесу

Елбасының баса назар аударған мәселесі – жастар мәселесі. Жастар – ұлт болашағы болғандықтан қай заманда болса да қоғамның басты тірегі. Кез-келген әлеуметтік қатынастарда, рухани жаңғыруда жастар ісі маңызды орын алары сөзсіз.

Осы орайда, Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрының актерлері: Ақылбеков Едіге мен Мәсәлім Елдос - қаламыздағы «Балалар мен жасөспірімдер» кітапханасында өткізілген кешке қатысып, өнердегі жолдарымен бөлісті. Театр өнеріне деген жастардың қызығушылығы басым, бірақ оған бойыңдағы талант пен қоса ұстаз алдын көру міндет екенін, жиналған жастарға түсіндіре келіп, өнерлерін ортаға салып қайтты.

Помощь для Joomla.