ПРЕМЬЕРА СӘТТІ ӨТТІ

Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында, М. Әуезовтың «Көксерек» повесінің желісі бойынша, сахналық жобасын жасаған Б. Есеналиев «Қанды азу» поэтикалық трагедиясының премьерасы 3-наурыз күні өтті.

Пьеса – автордың жазған шығармасы болса, режиссер оған жан бітіріп, өмір сыйлап, қоғамның оң-солын танытатындай, бас-аяғы бүтін үлкен бір дүние жасап шығарады.

Осы орайда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Болат Қасымжанұлының еңбегі ерекше. Режиссердің қойған талабын мүлтіксіз орындаған актерлер қауымының шеберліктерін айтпай кету мүмкін емес. Театр тазартады, сахна адамға рух береді. Жалпы қойылымның өз дәрежесінде өтуі, материалдық құндылығына да байланысты.

Қойылымның негізгі идеясы, адамзат пен оны қоршаған табиғат арасындағы қарама-қайшылық.

Театрға келген көрермен, өзіне бір «ой» түйіп қайтуы қажет.

Біздің мақсатымыз, театр сахнасында халықтың өмірін, тарихын, ертеңін, ақ пен қараны бүгінгі ұрпаққа өнердің тілімен жеткізу.

Режиссері: Б. Ұзақов

Суретші: Д. Алдабергенов

 

Помощь для Joomla.