Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры ұжымы, ағымдағы жылы 31-ші мамыр күні, сағ.15.00-де, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында, «Тарихта қалған тағдырлар» атты әдеби – театрландырылған сахналық композиция өткізді.

Ұлттың ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларды, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларды, саяси-идеологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу сияқты маңызды мәселелердің басы-қасында болған, халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерін еске алуға арналған кеш, қуғын-сүргін құрбандары жайында түсірілген фильммен басталып, театр актерлерінің арнайы дайындаған композицияларымен аяқталды.

Халқымыздың тағдырына байланысты жоғарыда баяндалған ащы шындыққа, Тәуелсіздікке қол жетпей тұрып бара алған жоқпыз. Дербес, тәуелсіз мемлекет болып, өз тарихымызды түгендеп, айтылмай, аталмай кеткен есімдерді жарыққа шығарып, өткенге еркін үңілуге еркіндік алдық. Ділімізбен, дінімізге, тілімізге де – Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Қуғын-сүргінге түскен асылдарымыздың аңсағандары да осы болатын – деп, сөзін аяқтады кештің модераторы.

Бір минуттық үнсіздікпен саяси – қуғын сүргін құрбандарын еске алып, аталған кеш өз дәрежесінде өтті.

 

 

Помощь для Joomla.