Форумға қатысып қайтты

Жастар театрының дарынды актері Айдос Нұрмағамбетов 2019 жылдың 22-26 сәуір күндері аралығында Түркістан қаласында өткен Түркі кеңесі Жас көшбасшыларының II форумына қатысып қайтты.

Толығырақ

Жастар жылы аясындағы гастрольдік сапар

Сәуір айының 22 күні «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында қазақ өнерін, мәдениетін, ұлттық эстетикалық құндылықтарымызды дәріптеу, жастардың мәдениет ошағына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Жастар театры гастрольдік сапармен Риддер қаласына барды.

Толығырақ

Ұлттық театр өнерінде жаңалық

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының көркемдік жетекшісі, әрі режиссері Салбанов Айдын Салават Мемлекеттік башқұрт драма театрына Ильгиз Зайниевтің «Люстра» спектаклін сахналау үшін Башқұртстанға аттанды.

Толығырақ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Өскеменде

Бүгін 22 сәуір күні қаламызға асқарлы Алатаудың баурайы Алматы қаласынан Жастар жылы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында қазақ өнерін, мәдениетін, ұлттық эстетикалық құндылықтарымызды дәріптеу, жастардың мәдениет ошағына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры гастрольдік сапармен арнайы келді.

Толығырақ

Шетелден шақыртылған режиссер

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрына Грузиядан арнайы шақыртылған белді режиссер Гоча Хвичиа У. Гаджибековтың «Аршын мал алан» мюзиклын сахналауда. Азербайжандық автордың классикаға айналып кеткен комедиясын грузин режиссері қазақ актерлерімен жаңа үлгіде қоймақ.

Толығырақ

Ертегілер елінде

2019 жылдың 26 сәуірі күні Жастар театры режиссер А. Салбановтың «Ормандағы оқиға» балаларға арналған ертегісі сахналанды.

Толығырақ

Премьера «Аршин мал алан»

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрында Грузиядан арнайы шақырылған режиссер Гоча Хвичианың режиссерлігімен сахналанған Ү. Ғаджыбековтің "Аршын мал алан" мюзиклының премьерасы болып өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нүсіпова Əсем Бековна мен Шығыс Қазақстан облыстық мəдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Маратұлы арнайы келіп, тамашалады.

Толығырақ

Жас режиссер Халықаралық режиссерлер лабораториясында

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының көркемдік жетекшісі, әрі режиссері Салбанов Айдын 23-27 қараша аралығында Башқұртстанның Уфа қаласында Ресей Федерациясының театр қайраткерлері Одағының, Башқұртстан Республикасының заманауи драматургия және режиссура Орталығының қолдауымен өтетін А. Вампиловтың 80 жылдығына арналған режиссерлер лабораториясына қатысуға аттанды. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!

 

Помощь для Joomla.