• Басты
  • Жаңалықтар
  • Орыс театры
  • «Таңғы ас...» Рача Махатаев: «Жер бетіндегі жақсылықтар мен жер игіліктерімен еліктіру – қойылымның басты тақырыбы»

«Таңғы ас...» Рача Махатаев: «Жер бетіндегі жақсылықтар мен жер игіліктерімен еліктіру – қойылымның басты тақырыбы»

Ол Үржарда туып, Семейде оқыды, Алматыдан жоғары білім алды, екінші жоғары білімді Санкт-Петербург қаласында оқып сонда алды. Жерлестері ол жөнінде білу үшін, оған көп қилы жолдардан өтіп, өзін кім екенін дәлелдеді, соңында оны танып білді.

Ағымдағы 2018 жылдың 8-9 желтоқсан күні, облыстық драма театрында «Доходное место» қойылымы арқылы жерлестері жақынырақ танитын болады. Ал бүгінгі «Таңғы ас...» рубрикасында актер, режиссер, өз өмірі жайында таныстырады.

Мәскеу университетінің түлегі Василий Жадовтың тарихы қаншалықты жақын? Сіз, сондай-ақ жақында Ресей мемлекеттік өнер институтын бітірдіңіз?

Иә, бұл мен туралы.

Сіз қандай шешім қабылдайсыз?

Тура, сол Жадов сияқты, атама барып тиімді орын сұраймын, өмір өзі солай үйретті. Иә, шыныменде бұл бәрімізге жақын оқиға. А.Н Островский өмірдегі өлім, тазалық пен шындық жөнінде жазды. Өмірде ата-анамыздың, мектептің жоғары оқу орнының берген тәрбиесі өмірмен бетпе-бет келгенде ыңғайсыз әрі күлкілі болып келеді. Біз оны өмір сүре келе соған қарай икемделіп, ыңғайлы жағын қарастырамыз.

Негізгі құндылықтар жөнінде, «Доходное место» қойылымындағы басты кейіпкерлер Вышневский және Жадов тәртіп – жөнінде әртүрлі оймен қозғайды.

Жадов адамдарға сондай сенгіш, Ал Вышневский ол біраз өмір көрген кей жерлерде үндемей қалуға, өзін ұстауға, сөйте тұрып адал және бекзаттардай болып көрінеді.

Әрқайсының библиялық сипаттағы ұқсастығы бар кейіпкерлер: Жадов және Поля – бұлар Адам және Ева...

Жадов пен Полина -адал, талантты, махаббат сезімдері мықты. Жоғары жақтан бұларға жұмақ берілгендей, өздерін сондай бақытты сезінеді. Бірақ Полина тыйым салынған жемісті дәм татқан соң, Жадов түпкілікті Эдемді іштей өлтірді. Құдайдың рақымына айырмашылығы бар жердегі баталарға бас ұру – бұл қойылымның басты тақырыбы.

Неге трагикомедия? Бұл жұмысқа тағы қандай режиссерлік акцент жасадыңыз?

Жадовтың тағдыры туралы ойланып, мен оның өмірінің жолын – жұмсақ, жеңіл, юмор арқылы беруді ойладым. Дегенмен, ол өзінің идеалдары мен қағидаларының құлдырауына жақындағанда, түстер қоюланып, финалдың тональносты өзгереді. Менің ойымша комедия, трагедияның жалғасы іспетті.

Біздің актерлер Сізбен жұмыс істеудің ерекшелігін байқады – бұл этюд деп аталатын әдіс: егер актер мәтіннің негізінде емес, ұсынылған мән-жайларда дереу әрекет етсе ...

Мен осындай қатты сөздерден қорқамын. Этюд әдісі көптеген ерекшеліктерді білдіреді. Біздің жаттығуларымызда бұл сәл басқаша. Мен оны бір әдіс деп айтар едім. Біз тақырыпты, берілген тапсырманы, нақты жағдайды табуға тырысамыз.

Сіз қойылым қоймас бұрын, басқа режиссерлердің жұмысын қарайсыз ба?

Әрине, кей кезде бір ғана фрагментті көру арқылы, мен ол қойылым жайында түсіне аламын және өзімнің пікірімді айтуға тырысамын.

Өскеменге келмес бұрын, біздің театрдың актерлерімен таныс болдыңызба, жалпы таныс емес немесе аз таныс адамдармен жұмыс жасау қиын ба әлде қызықты ма?

Бұл өте қызықты. Таныс емес адамдармен жұмыс жасау, өзімді басқа қырымнан ашып, жұмысыма деген қызығушылық арта түскендей.

Біздің труппамен қандай бір өзгеріс жасадыңыз?

Менің жаңа ұсыныстарымды ешқандай қарсылықсыз қабылдады, бізде шығармашылық одақ қалыптасты. Ортақ қойылымымыз, көрермендердің көңілінен шығады деген ойдамын.

«Доходное место» (Тиімді орын) қойылымы қандай да бір көрермендерге арналған ба?

Театрға келген көрерменге менің ойымша, қандай да бір тепетеңдігін, ішкі үйлесімділік сезімдері жоғалтқан адамдарға, қойылымнан кейін іштей бір толқыныс болуы мүмкін. Бұл жөнінде ойланып, өмір жолында қолдануы да мүмкін.

Островскийдің пьесасын алғаш рет қойып отырсызба?

Иә, бұған дейін төрт жыл Гогольмен айналысып, енді Островскийге ауыстым. Ішкі түсінігім бойынша аталған автордың шығармаларымен бірнеше жыл айналысатын тәріздімін. Шығармаларымен толыққанды таныса келіп, қойылым арқылы түсінуге болады.

Келешек жоспарыңыз, тағы қандай театрлармен жамыс жасау ойыңызда бар?

Өскемен қаласынан кейін, Санкт-Петербургке ораламын, Анатолий Праудиннің 2013 жылғы түлектермен құрған «ЦЕХЪ» атты театры бар, сонда режиссерлік жұмысымды атқарамын. Ал келесі көктемде Алтай аймағының В.М. Шукшин атындағы театрында Ф.М.Достоевскийдің қойылымы жоспарлануда.

 

Өмір жолы:

2012 жылы – Республикалық Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін «Актер» мамандығы бойынша аяқтады (Алматы).

2012-2013 жылдары – Н.Сац атындағы орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етті.

2018 жылы – Ресей мемлекеттік өнер институтын «Режиссер» мамандығы бойынша аяқтады (Санкт-Петербург).

Сахналаған қойылымдары:

2016 жылы Н.В.Гоголь «Мертвые души» Ресей мемлекеттік өнер институтын.

Б.Брехт «Трехгрошовая опера» негізінде жазылған «К Брехту» қойылымы. Ресей мемлекеттік өнер институты.

2017 жылы А.С. Пушкин «Моцарт және Сальери» Ресей мемлекеттік өнер институтында дипломдық жұмысы.

Н.В. Гоголь «Ревизор» Ф.М Достоевский атындағы орыс драма театры дипломдық қойылымы (Семей).

 

Помощь для Joomla.