Ақша, адалдық және махаббат

Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрында бір реттік, тәжірибе алмасуға шақыртқан режиссері Рача Махатаев, театр актерлерімен бірге өміріміздің парадокс жағдайларын шешуде А.Н. Островскийдың «Доходное место» (Тиімді орын) қойылымының премьерасы өтті.

ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Николай Зинченконың сценографиясы мен киім үлгісінің маманы Айбек Самарқановтың костюмдері 19-шы ғасырдың атмосферасын бергенімен, сахнадағы жағдай қазіргі өмірдің жағдайына ұқсайды. Островскийдің пьесасының тақырыбы ақша, махаббат, адалдық – олар бүгінгі күнде де өміріміздің өзегіне айналған.

Университетті енді ғана тәмәмдаған Василий Жадов, материалдық байлық пен «Ұсталмаған – ұры емес» принципі бар қоғамда адамның ізгілігін сақтауға ұмтылады. Ол өзінің көмекшісі және әйелі ретінде, ақылды да, адал Полина Кукушкинаны таңдайды.

Бейбітшілік пен махаббат жастар үшін! Бірақ өмірде бәрі біркелкі емес, түрлі азғырулар мен қаталдық қайшылықтары әйелдік сипатқа ие ... Жадовтың ойлау қабілеті жеткілікті ме, айналасындағылардың шабуылына байланысты, тиімді орынды сұрау немесе мінсіз жағдайдың құлдырауы ма?

Залда отырған әрбір көрерменнің жауабы әртүрлі, әркім өзінің көрген өмірі мен жағдайына байланысты жауап айтады. Сонымен қатар, ашық, адал қойылым «Тиімді орын» премьерасына келген әрбір Өскемендіктерді түрді ойға салатыны сөзсіз.

 

 

Помощь для Joomla.