2019 жылға театрдың жоспары

Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры баспасөз конференциясында 2019 жылға жоспарларымен бөлісті.

Театрдың көркемдік жетекшісі Роман Степенский сөзінде, енді 83-ші театр маусымының жабылуына дейін, бізде екі жаңа қойылым жоспарланған, біз соған акцент беріп, көрерменге ойдағыдай етіп тарту ету, деді.

Бүгінгі күнде Корней Чуковскийдің «Федорино горе» ертегісі қызу дайындық үстінде. Театрымыздың актрисасы Анастасия Витман соқыр және көзі нашар балаларға арналған ерекше жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Қойылымның екі түрлі нұсқасы бар, бірі - барлық көрермендер үшін, екіншісі – көктемде «көрінбейтін» нұсқаны тамашалай алады. Жалпы мұндай қойылым Қазақстанда алғаш рет сахналанады.
Сонымен қатар, көктемде белгілі Ресейлік драматург Александр Коровкиннің пьесасы бойынша «Тетки» жанр бойынша, детективтік комедия-фарсымен толықтырылады. Сахналық күлкілі динамикалық әрекеттермен шатасқан қойылымның режиссері Татьяна Баева.

2019 жылы әлемдік кино мен режиссурада ойып орын алатын, актер, бағдарламашы және жазушы В.М.Шукшиннің 90 жылдығы. Осығын орай, орыс театры да мұндай айтулы күннен қалыс қалмайды. ҚР «Мәдениетр қайраткері» О.Маципуло, В.М. Шукшиннің шығармаларынан «Чудаки» атты қойылымды қолға алады. Осы аталған қойылыммен орыс театры кезекті 84 театр маусымын ашады.

 

Помощь для Joomla.