(Тетки) Тәтелер және ... ымыраға келу

Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрында Ресейлік белгілі драматург, бағдарламашы Александр Коровкиннің «Тетки» (Тәтелер) қойылымына дайындық басталды.

Бұл аталған қойылымда режиссер Татьяна Баева көрермендерді күнделікті тұрмыстағы тіршілікті күлкі арқылы көрсетіп, көрермендердің көңілін көтеру ниетінде.

Мәскеулік автордың пьесасының сюжеті провинциялық Өскеменнің шындықтарына да сәйкес келетініне де, Татьяна Николаевна күмән келтірмейді.

– Пьеса кейіпкерлерінің өмірі қала халқына да белгілі, – дейді режиссер. – Бұл баспана жәйі, зейнетақының аздығы, банкке тәуелділік. Осындай түрлі қиын жағдайға түскен адамдар өздері әртүрлі ымыраға келуге мәжбүр.

Сахнада болатын жағдай, Татьяна Баяеваның айтуынша, ойнақы, комедиялық-фарс жанрында өтеді.

«Тетки» (Тәтелер) қойылымы сәуір айына белгіленіп отыр.

Помощь для Joomla.