Актерге арналған шығармашылықтың құрметі

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында белгілі актер, «Маска» театр сыйлығының лауреаты Евгений Пятовтың бенефисі 16 наурыз күні сағ. 17.00-де өтеді.

Ол театрсыз өмір сүре алмайтын актерлер қатарына жатады. Актер көптеген қойылымдарда эпизодтық рольдерде және балаларға арналған қойылымдарда сондай-ақ, үлкендерге арналған қойылымдарда басты рольдерді сомдап келеді.

Евгений Геннадийұлы өмірбойы театрда қызмет етіп, осы уақыт аралығында 100 - ден артық образдарды сомдады.

«Жан - тәніңмен беріле өнеріңді халыққа ұсынсаң, сондайлық өзің рахат табасың. Көрермендердің қуанышты көздерін көргенде, қойылымнан соң үйге де жақсы көңіл-күймен қайтасың» -деп ой бөлісті Евгений Пятов.

Әрине, мерейтой иесін сол күнгі музыка, өлеңдер, жылы тілектер мен тосын сыйлар, актерді шабыттандыратыны анық!

Мерейтойы күні М.Твеннің «Принц и нищий» атты қойылымындағы актерлік шеберлігін жиналған көрерменге ұсынбақшы. Аталған қойылымда Евгений Пятов басты рольдердіқ бірі Гугоның образын сомдайды.

Помощь для Joomla.