«Таңғы ас...» Тентек актердің – сыр бөлісуі

Евгений Пятов – Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры актерлерінің ішіндегі сұранысқа ие, белгілі актерлердің бірі емес, бірегейі. Ол өзінің тәжірибесінің көптігінің және жан-жақты шеберлігінің арқасында, қанішер қарақшылар, түрлі лирикалық, ертегі кейіпкерлерінің образдарын сомдау арқылы көрермендердің көзайымына айналды.

Евгений Пятов мерейтойы қарсаңында өзі туралы, театр оған сахнада еркіндік сыйлап, ішіндегі бар шеберлігін ашып көрсетуге мүмкіндік беретін бірден – бір орын екенін айтты.

Театрға қалай келдіңіз, Сіздің өмірде таңдаған мамандығыңыз ба?

Мен театрды алғаш мектеп кезінен, саналы түрде қабылдадым. Бірде жақын досымда театрға В. Розовтың «Вечно живые» (Мәңгі тірілер) атты қойылымына екі билеті болды. Қойылым соңында қайтыс болған солдаттың басына гүл қойды, дәл осы сәтте жүрегім дір етті. Ал, ол кезде мен осы театр сахнасында образ сомдайтынымды білмедім.

Жалпы шығармашылыққа жақын болдым. Әлі есімде 7-8 сыныпта оқып жүргенімде «Подмостки» деп аталатын, Жас көрермендер театрына қатыстым. Ондағы менің алғашқы ұстаздарым Л.А. Нечаева және Е.В. Березовская болды. Высоцкийға еліктеп гитарамен ән салуды бастадым. Мектеп бітірерде, мәдени ағарту саласына баратынымды анық білдім.

Театр жанындағы студияға таңдаудан өтіп айналыса бастағанда да, театрға деген сезім көбеймесе, азайған жоқ па?

Сол кездегі менің өнерге деген талпынысым туралы, өз қолыммен жазған үш күнделік дәптер еске түсіреді. Театр студиясында жүріп, біз күнделікті көрген қойылымдар мен актерлік шеберлік жөнінде күнделік ашып, жазып отырдық. Аяқастынан болатын жағыдай, біздің мамандықта қандай маңызды рөл атқаратынын түсіндім! Репертуарда Б.Рацер, В.Константинованың «Невеста из Парижа» атты спектакль жүріп жатты, мен А.Ушаков деген актермен бір рөлде болдым. Маған біраз уақыт тоса тұруға тура келді. Бір күні қойылым көпшіліктің сұрауымен болатын болды, ал Ушаков басқа қалаға кеткен, келіп үлгермейтін болды. Аяқастынан мені шақырды, спектакль басталуға азғантай ғана минуттар қалған. Әлі күнге есімде қалай жүгіріп келгенім. Денем дірілдеп, антракт кезінде бірінші актні қалай ойнап шыққанымды білмей қалдым. Қанша қорықсамда, тізем дірілдеседе аяғына дейін ойнап шықтым. Осыдан соң екі құрамда ойнап бастадым.

Сіз театр өмірінен қызықты оқиғаларды есіңізге түсіре аласыз ба?

Р.Погодинаның «Синяя ворона» спектакльін ойнадық. Бұл менің театрдағы алғашқы жылдары жұмыс істеп жүрген кездерім болатын. Мен Моруаканың рөліндемін, «Маған ғажайып сақина сыйлады» деген реплика айтып оны саусағымнан көрсетуім керек болатын, бірде оны гримеркада ұмытып кетіппін. Ал сахнадағы көрініс таяп қалған болатын, тез арада режиссердің көмекшісі отырған шетке келдім де, «Сақинаны ұмыттым дедім». Ол шапшаң қимылдап екі түрлі сақинаны алып келді, мен көрерменге білдірмей рөлімді сомдап өткізіп жібердім.

27 жылдың ішінде жүзден артық рөл ойнапсыз, осының бәріне күш-қуатты қайдан аласыз.

Жұмыс істегің келмесе, жаның қаламаған мамандықты таңдау керек. Ал мен керісінше өзім қалаған мамандық иесі болдым. Кішкентай балаларды жақсы көремін, олар өте қатал көрермендер, оларды алдау мүмкін емес. Олардың көзінен бәрін байқауға болады. Қойылымнан соң көрермендердің тарап кеткенін күтемін. Костюмсіз, гриммсіз түрімді көрмей, қойылымнан алған әсерімен қайтса деймін.

Сіздің театрға жалпы өнерге деген көзқарасыңыз өзгерді ме?

Театр бүгінде басқаша. Менің мамандығыма деген көзқарасым өзгерген жоқ. Өте қызықты, күнделікті басқа адамдардың өмірімен өмір сүру, таңертең тронда отырған король, кешкісін қарақшы болып, біреуді тонау.

Ағымдағы театр маусымындағы келесі рөліңіз – Александр Сергеевич Пушкиннің «Сказка о попе». Әлемдік классикалық қойылымдағы образ, қандай да бір сезім береме?

Бұл театр сахнасындағы ақынмен алғашқы танысуым емес. «Играем Пушкина» он үш жыл қатарынан жүріп келеді, мен онда екі образ сомдадым – Гавриь Гаврилович («Метель») және Муромский («Барышня-крестьянка») жылдар бойы осы кейіпкерлермен өмір сүріп келемін. Ал «Сказке о попе и о работнике его Балде» ол басқа, оны инсценировканың авторы Сергей Астраханцев – сөзшең, бұзақы бала образында көргісі келді.

Сіз поэзияны жақсы көресізбе. Сүйіп оқитын авторыңыз кім, қолыңыз босай қалғанда кімдерді оқисыз?

Сергей Есенин. Әсіресе оның «Москва кабацкая» өлеңдер топтамасын жақсы көремін. Бұл шығармада орыстың кең жүрегі, жаны сондай-ақ, ақынның алаңғасарлығы (есерсоқтығы) кеңінен суреттеледі.

Достарыңыздың арасында, өзіңізді бард әншісі, өлеңдер мен әндердің авторы екеніңізді жақсы біледі.

Кей кездері түрлі толғаныстан өлеңдердің шығатыны шындық, бірақ мен өзімді ақын деп есептемеймін. Бәріне өте сын көзбен қараймын. Не жазсамда өзім үшін жазамын.

Сіздің бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?

Мінезім жұмсақ және адалмын. Шындығында бір ретте дайындықтан немесе спектакльден кешігіп көрген емеспін. Ертерек келіп дайындалғанды ұнатамын. Ескі театрда болғанда екі -үш сағат бұрын келіп, ғибадатхананың тыныш әлеміне батып, тыныштықтан жаным рахат табатын.

Жаңа күнді қалай бастағанды ұнатасыз?

Бірден Вистенка атты мысығымды тамақтандырамын. Әйтпесе ол маған тыныштық бермейді (күледі). Егерде кешкілікте жұмысым болса, онда ешқандай үйдің тірлігімен айналыспаймын. Бұл жағдайымды үйдегілер біліп алған, мені қозғамайды.

Бұл кезде мысығымыз қайтеді?

Мен үй жануарларын өте жақсы көремін. Вистенка мен аялдамада тұрғанда келіп аяғыма жабысып, жылынбақшы болды. Күн суық болатын, жаным ашып үйге алып кеттім. Бұған дейін Тенор атты мысық 14 жыл бізбен бірге болды. Мен оның есімін Д. Патриктің «Дорогая Памела» кейіпкері құрметіне орай қойғанмын.

Сіз бенефисте М.Твеннің «Принц и нищий» атты қойылымындағы қайыршылардың лидерін Гугоны ойнайсыз. Бала кезіңізде тентек болдыңыз ба, бүгінде сол тентектік бойыңызда бар ма?

Әрине, бала кезімізде бәрі болды, қыздардың шаштарынан тартқылап, банкілерді тізіп қойып рогаткамен атып бұзақылықты жасадым. Әртістердің – өзі де бала ғой. Қанымызда – еркелік, бұзақылық бар. Дайындық кезінде бойымыздағы бар ерекшеліктерді қосамыз, сөйтіп сомдап жүрген образымыз әсерленіп шығады.

 

Помощь для Joomla.