Жеңіс күні мерекесі

9 мамыр - Жеңіс күнін мерекелеу құрметіне Шығыс Қазақстан облыстық драма театры соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы оқиғалар мен адамдарға арналған екі қойылымның тегін көрсетілімін ұсынды.

Жеңіс бізге қалай келді? Ерлікке, батылдыққа, ар-ожданға және құрметке ие болған адамдардың ерлігі, миллиондаған адамдардың өмірі мен тағдыры туралы қасиетті естеліктер жөнінде, облыстық драма театрының актерлері, жеңістің қандайлық қиыншылықпен келгені жөніндегі қойылымдарды ұсынды.

В. Кондратьевтың «Лейтенант Володька» қойылымы сағ.15.00-де

Ржев маңындағы шайқастарға қатысқан Өскемен қаласының жас жігітінің тарихы, көрермендерін бірге жылатып, бірге қайғыртты.

Сағ.17.00-де театрдың үлкен залында Д.Исабековтың «Мұрагерлер» қойылымы, аға буын әкелеріміз бен аналарымыз, өткен шақты естеріне түсірердей, жастар жағы одан тәрбие алатындай драмалық шығарманы сахналады.

Облыс тұрғындарына тағылымға бай, тәрбиесі мол қойылымдар тегін ұсынылды.

Жылдар өтеді, ұрпақ ауысады, бүгінде батырларымыздың Отан алдындағы жауапкершілік сезімдері, намысы, ерен ерліктері ешқашанда ұмытылмайды.

Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі.

 

 

 

Помощь для Joomla.