ГАСТРОЛЬДЕН – ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА

Шығыс Қазақстан Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің арасындағы, ағымдағы жылдың мамыр айының 23-24 күндері өткізген гастрольдік сапары, тығыз ынтымақтастықтың бастамасы болды.

Өскемендіктер Бийскілік көрермендерге екі қойылымды ұсынды. Үлкендерге Б.Томастың жанр бойынша классикалық фарс «Тетка Чарлея», ал балалар үшін С. Астраханцевтың интерактивті «Братец Лис и Братец Кролик» ертегісі ұсынылды. Сахналанған қойылымдарды көрермендер өте жақсы қабылдап, басқа да қойылымдармен жиі келуімізді сұрады.

Режиссер А.Воронин сахналаған классикалық фарс «Тетка Чарлея», Бийск тұрғындары үшін керемет және ұмытылмас жаңалық болды. Жергілікті театр көрермендері сахна шеберлерін тік тұрып, ұзақ қол шапалақтаумен көпке дейін сахнадан босатпады.

Көрермен көкейінде – жақсы қойылымдық мерекелік кеш аяқталды, енді күнделікті тіршілікке бойұсыну.

Қойылым соңында, Алтай өлкесінің Мәдениет министрлігінің бас маманы Анна Лебедева өзінің құттықтау сөзінде, Сіздердің келгендеріңізге өте қуаныштымыз – жақын арада ғана екі министрлік және Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл гастрольдік тур – жаңа бағдарламаның алғашқы маңызды оқиғасы. Бийск драма театры, алдағы уақытта Шығыс Қазақстанға гастрольдік сапармен барады деген үміттеміз.
Бийск қаласы әкімшілігінің мәдениет, спорт және жастар саясаты басқармасының басшысы Андрей Кудинов, Шығыс Қазақстан және Алтай өлкесінің театр ұжымдарының шығармашылық тәжірибе алмасуы дәстүрлі болуды тіледі.

Өз кезегінде, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры Д.Ұябай, Алтай өлкесінің Мәдениет министрлігіне және Бийск драма театрының директоры Ольга Малявинаға – ресейлік көрермендердің қойылымдарды жақсы қабылдағандарына, жалпы жылы лебіз көрсеткендеріне алғысын білдірді.

Бийскідегі екі күн ішінде, ұжым алты қойылым сахналады. Труппа актерлерінің кәсіби шеберлігін 1500-ден астам жергілікті көрермендер аса жоғары бағалады.

 

Помощь для Joomla.