Нұр-Сұлтан қаласындағы театр фестивалі!

Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры, ағымдағы жылдың 10-16 маусым аралығында, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін VII Халықаралық «SAMGAU» театр фестиваліне қатысады.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Литваның жетекші театрларының ең үздік спектакльдерімен қатар, Өскемендік труппа сарапшы қазылар алқасына заманауи драматург Олжас Жанайдаровтың «Жұт» драмасын ұсынады.

Аталған «Жұт» спектаклін Шығыс Қазақстандықтар 5 маусым күні алғаш рет тамашалады. Қойылым өзінің жаңашылдығымен үлкен өзгеріс әкелді, сөйтіп театр өнерін сүйер қауымның қызығушылығын туғызды.
Жас, әрі танымал режиссер А. Салбанов Қазақстандағы ең үлкен апаттардың бірі, қарапайым халықтың басына түскен нәубет жылдарды – бүгінгі жағыдаймен салыстыра отырып, сахналық метафоралардың көмегімен бірнеше деңгейде көрсетті.

О.Жанайдаровтың «Жұт» қойылымы, фестивальдің жоспары бойынша 15 – маусым күні сағ. 11.00-де, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сынға түседі.

 

Помощь для Joomla.