Фестивальдан алған тәжірибе

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының орыс труппасы, 10-16 маусым аралығында Нұр – Сұлтан қаласында өткен VІІ «Samgau» Халықаралық театр фестивальіне қатысып, арнайы жасалған құс ұшағының мүсіні, диплом және фестивальдан алған тәжірибемен оралды.

А.Салбановтың режиссерлік етуімен сахналанған, О.Жанайдаровтың «Жұт» қойылымы, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына жиналған көпшілікке,  өзінің жаңашылдығымен қатты әсер қалдырды.

Фестиваль қонақтары мен қатысушылары сондай-ақ, Қазақстанның және Ресейдің белгілі театр сыншылары, қойылымдағы режиссерлік бағыт, түрлі метафоралар сондай-ақ, Н. Коровинаның (Сәуле) образын сомдаған актрисаның жұмысына баға берді.  

Аталған фестивальға әділқазылық еткендер: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Е.Жуасбек, Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық әртісі Т.Теменов,
Өнертану ғылымдарының докторы, Ресей театр институтының профессоры Н.Шалимова және Қазақ ұлттық өнер академиясынң доценті,  Халықаралық сыншылар қауымдастығының мүшесі А.Еркебай.Аталған VІІ «Samgau» Халықаралық театр фестивальіне Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Литва елдерінен ең үздік деген он бес (15) қойылым өз ара сынға түсті. Театрымыздың осындай беделді театр форумына қатысуы, сөзсіз пайдалы және ұмытылмастай есте қалды.

 

Помощь для Joomla.